Previous Page  112 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 288 Next Page
Page Background

112

Дін мен Діл

адамның бара-бара жаман музыкаларға ұрынбасына кім

кепіл? Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ибн Аббастан

риуаят етілген хадисте:

«Дінде шектен шықпаңдар!

Себебі, дінде шектен шығу – сендерден бұрынғыларды

да құрдымға кетірген»

118

деп ескерткен.

Егер музыканы жалпылама харам десек, онда

мұсылмандардың мәдениеті, өнері артта қалары сөзсіз.

Мысалы, керемет сахналарға толы ұлан-асыр тари-

хымызды бейнелейтін киноларымызға ешбір музыка

аспабы қосылып, керекті жерінде эффекті берілмесе,

ол киноны кім ерекше әсермен тамашалай алады? Онда

жастарымыздың өзгелердің өте тартымды, әсері күшті,

бірақ мағынасы улы киноларының соңына түсіп кетері

сөзсіз. Сол сияқты телеканалдарда бір бағдарламадан

екінші бағдарламаға өту кезеңдерінде, басқа да

көрермендердің назарын аударар жағдайларда музыка

аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа шығара

алады?!

Даңғаза әуеннің зияндары

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

119

Абай

«Даңғаза әуеннің кісінің мінез-құлқы мен психоло-

гиясына, тіпті ағзасына кері әсер ететіні белгілі. Бұл

жайлы Американ ғалымы Дэвид Элкин қатты шыққан

дауысарқылыбелоктықуырыпжіберугеболатындығын

дәлелдеді. (Бір концертте дауысзорайытқыштың ал-

дына қойылған жұмыртқа үш сағаттан кейін қатты

даң-дұңнан өліп, қуырылып кеткен көрінеді). «Ауыр

118

Ән-Нәсаайй, Ибн Мәжа, Ибн Хиббан.

119

Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 190-бет.

«Атамұра»

баспасы, 2002 ж.