111
Дін мен Діл
Соғыста әскердің жау алдындағы рухын көтеру
әрі кейбір әскери бұйрықтарды білдіру мақсатында
мұсылмандардың барабан, дабыл секілді аспаптарды
қолданғандары
115
, тіпті кейбір психикалық ауруларды му-
зыка арқылы емдегендіктері тарихтан белгілі
116
. Мұндай
жақсы істер үшін қолдануды кім болса да құптары сөзсіз.
Қоғамдағы адамдардың дәрежелері мен болмысы,
табиғаты мен ішкі сезімдері бірдей емес екені шындық.
Олай болса, музыканы жалпылай харам санап, барлық
адамға
«Тек Құранды ғана оқы әрі тыңда!»
деп күштей
алмаймыз. Себебі, қоғамда Құран оқып, басқа да өзіне
міндеттелген ғибадаттарын толық орындаумен қатар, өзі
ұнатқан пайдалы музыкаларды тыңдағысы келетін адам-
дар да бар.
Бұған қоса, адам жан дүниесі үздіксіз ғибадат жа-
саудан, яки үнемі салмақты нәрселермен шұғылданудан
жалығуы ықтимал. Сондықтан адамның табиғаты мен
болмысы анда-санда көңілін көтеріп, рухын дем алдыра-
тын нәрселерді қажетсінеді.
Хазірет Алидің (Алла Тағала одан разы болсын):
«Тәннің шаршайтыны тәрізді жүрек те шар-
шайды. Сондықтан оны қызық хикметтермен дем
алдырыңдар!», «Жүректеріңді анда-санда дем алды-
рып тұрыңдар! Себебі, жүрек зорықса, тас соқырға
айналады»
117
дегені риуаят етілген.
Музыка тыңдауды ұнататын адамдарға егер біз
жақсы музыканы тыңдауға болатынын айтып жөн
сілтемесек, тіпті көркем мағыналы әрі әуенді әндердің
шығарылуына бағыт-бағдар беріп реттемесек, ол
115
Фатауа Мустафа Зарқа, 349-бет. Дарул-қалам, Димашқ. 2001 ж.
116
Мүслүман Илим Өнжүлери, 149-бет. Стамбул, 2005 ж.
117
Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф
фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 229-бет. «
Дәрул-
мағрифа»
баспасы, Бәйрут. 2006 ж.