Previous Page  106 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 288 Next Page
Page Background

106

Дін мен Діл

4. Хадис Әнас ибн Мәликтен (Алла Тағала одан разы

болсын!) риуаят етілді. Ол былай деді:

Пайғамбарымыз

(с.а.у.) бір реттеМәдинаның біржерінен өткен еді. Сол

жерде кейбір (кішкентай) қыздардың даңғараларын

шалып былай деп ән айтып жатқандарын естіді:

«Біз Бәни Нәжжардың қыздарымыз

Мұхаммед қандай жақсы көрші!»

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға: «Алла Тағала біледі,

мен сендерді қатты жақсы көремін»

107

деді .

Ибн Мәжада келген бұл хадистің де дәрежесі хадис

ғалымдары бойынша – сахих

108

. Егер өлең айтып, музыка

аспабын қолдану харам болғанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.)

оларға жоғарыдағы

«Алла Тағала біледі, мен сендерді

қатты жақсы көремін»

деген қолдау сөзін айтпас еді.

Жоғарыдағы сахих хадистерден Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) даңғара сүйемелінде бірнеше рет ән тыңдағанына,

тіпті құптап, қолдағанына куә болдық. Енді осы жерде

кейбір кісілер жоғарыдағы хадистерге сүйене отырып,

«тек даңғара аспабын ғана тыңдауға болады»

деп басқа

музыкалық аспаптарға шектеу қоюы мүмкін. Алайда

пайғамбарымыздан мұндай бір шектеуді білдіретін ешбір

сахиххадисриуаятетілмеген. Барболғаны

«даңғара»

араб-

тарда кең қолданысқа ие музыкалық аспап болғандықтан,

Пайғамбарымыз (с.а.у.) соның сүйемеліндегі кейбір

әндерді тыңдаған. Ал бұл жағдай басқа аспаптардың

харамдығын білдірмейді. Сондықтан кез келген му-

107

Ибн Мәжа, Мұхаммед ибн Язид Әбу Абдиллаһ, Сунану ибн

Мәжа, 2-том, 1333-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы, Бәйрут.

108

Насруддин Әлбани да өзінің

«Сахих уа дағиф Ибн Мәжа»

кітабында бұл хадисті

«сахих»

деп бағалаған.