Previous Page  104 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 288 Next Page
Page Background

104

Дін мен Діл

«Бір күні маған Алла елшісі келген еді. Жанымда

екі (кішкентай) қыз (немесе күң) «Буғас» өлеңін айтып

жатқан болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) төсекке

жатты да, жүзін ары қаратты. Сосын Әбу Бәкір (Алла

Тағала одан разы болсын!) кірді де: Алла елшісінің жа-

нында шайтанның сырнайын тартқандарың не?», –

деп маған ренжи сөйледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған

қарай жүзін бұрды да: «Оларға тиіспе!», – деді. Ол

(Әбу Бәкір пайғамбарымызбен сөйлесіп) бізге қарамай

тұрғанда мен әлгілерге ишарат етіп едім олар шығып

кетті. Бұл айт күні болғандықтан, қара нәсілділер

102

«қылыш-қалқан» биін билеп жатыр еді. Мен өзім

Алла елшісінен (с.а.у.) сұрадым ба, жоқ әлде ол өзі

«Тамашалағың келеді ме?» деп айтты ма есімде жоқ.

Мен «Әрине» дедім. Ол мені өзінің артына тұрғызды.

Бетім оның бетіне таянған күйде болды. Сосын ол

(с.а.у.) «Уа, Әрфида ұрпақтары, қанеки!» деді. Мен

жалыққанға дейін осылай тұрдық. Сосын менен

«жеткілікті ме?» деп сұрады. Мен: «иә» деген едім,

олай болса, жүре бер!-деді»

103

.

Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әуен аспабының

сүйемелінде айтылған әнді тыңдағандығы, тіпті, Әбу

Бәкірдің

«Шайтанның сырнайын пайғамбардың жанын-

да тартқандарың не?»

деп кейіс білдіре қызы Айшаға

айтқан ренішін құптамай,

«Оларға тиіспе!»

, – деп ескертуі

102

Басқа риуаятта олардың эфиопиялық мұсылмандар екендігі

білдірілген.

103

Сахихул-Бухари. 1-том, 323-бет. Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.