Previous Page  100 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 288 Next Page
Page Background

100

Дін мен Діл

мен арамы бар. Жібек еркектерге – харам ал, әйелдерге

– адал. Дәл осы секілді музыка аспаптарын да ажыратып

қарауға болады. Яғни, хадистен жалпы музыка аспапта-

рын емес, кісінің ғибадатына кедергі келтіріп, жүрегіне

бөтен сезім ұялататын зиянды музыканы адал ететін

қауым шығады деп түсіну керек. Осы хадисте айтылған

арақты ғана бұлай бөліп қарай алмаймыз. Себебі арақты

жалпылай харам қылған нақты аят пен бір тамшысын бол-

са да тыйған сахих хадистер бар

98

.

3. Нафиғдан риуаят етілген басқа бір хадис.

Жолда Ибн Омармен бірге едім. Ол шопанның

сырнайының үнін естіді де жолдан алыстай түсті.

Саусағымен екі құлағын бітеді. Сосын «Уа, Нафиғ

естіп тұрсың ба?», – деді. Мен: «жоқ» деген едім,

саусағын екі құлағынан шығарды да: «Уа, Нафиғ

пайғамбарымыздың осылай естігенін және дәл осылай

істегенін көрдім»

99

, – деді.

Келтірілген бұл хадис те жалпылай барлық

музыканың харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі,

аталмыш хадис біріншіден сахих емес, Әбу Дәуід өзінің

хадис жинағында аталмыш хадисті келтіргеннен кейін

бұл хадис

«мүнкәр»

деген. Ал енді хадисті сахих деп

қабылдағанның өзінде жалпылай барлық музыканың

харамдығын білдірмейді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.)

98

Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф

фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 257-бет.

«Дәрул-

мағрифа»

баспасы, Бәйрут. 2006 ж.

99

Әбу Дәуід, 4924-номерлі хадис, 5-том, 2123-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы.