95
Дін мен Діл
Құранда:
«Сөзсіз Алла тағала зұлымдық жасағандарды
жақсы көрмейді»
93
деп, өзгеге зияны тиген адамдардың
Жаратқанның махабатынан алшақтайтынын ескерткен.
Шылым шегетіндердің айналасындағы бала-шағасы,
басқа да адамдар темекі тартатындарға қарағанда
анағұрлым көбірек зардабын тартатындығы анықталып
отыр. Сондай-ақ, шылым шегетін әйелдерден туылған
сәбилер көп жағдайда аурушаң боп дүниеге келеді. Бала
емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы
арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді.
Анасының жауапсыздығы нәтижесінде дүниеге келген
аурушаң балалар мен ағзасын ана сүті арқылы улаған
сәбилер ертең ақырет күні әкесі мен шешесінің жағасына
жабысып, оларды қиын сұрақтың астына алары сөзсіз.
4. Бұларға қоса, темекі тартқан кісі бұл жағымсыз
әдетін көпшілікке, бала-шағасы мен жас жеткіншектерге
жарнама
етіп,
оларды
жиіркенішті
қылыққа
баулығандықтан және темекісін тастаған кейбір жұрттың
нәпсісін қоздырып, қайта елірткендіктен, олардың да
күнәсін Алла алдына арқалай бармақ. Исламда:
«Бір іске
себепкер болған кісі сол істі істегенмен бірдей күнә не
сауап алады»
деген негізгі қағида бар.
Әкесінің не жақын адамының, өзіне дәріс үйреткен
ұстазының, тіпті, бейтаныс үлкен кісінің шылым шекке-
нін көрген бала санасында ол іс өзінің жиіркеніштілігін
жоғалтады. Будақтап шыққан темекінің көк түтініне
кішкентайынан көзі үйреніп, жан дүниесіне жақын
қабылдаған жас жеткіншек темекі тартуға әрдайым
құмарланып, құмбыл тұрады. Тіпті, шылым шегу олар
үшін есеюдің нышанындай боп көрінеді.Міне, сондықтан
темекі тартқан кісі қанша адамды өзі секілді жиіркенішті
нәрсеге тәуелді еткенін ұмытпауы тиіс.
93
«Әли имран»
сүресі, 57-аят, 140-аят.
«Шура сүресі»
, 40-аят.