Previous Page  92 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 288 Next Page
Page Background

92

Дін мен Діл

үшін қиналады, адамның қан қысымы артады. Миға ба-

ратын қан азаяды. Ми өз деңгейінде жұмыс істемейді,

қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адре-

намен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді.

Тамырлар жиырылады. Қол, аяқ тамырлары тартылып,

қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы

қайтады.

Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық

ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді,

бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс

істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай.

Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан

жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған

орай, жүрекке келетін қан мен ауа азаяды. Темекі

түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі –

көміртегі. Көміртегі – автокөліктердің тетігінен шыққан

улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да

белгілі бір мөлшерде денеге кіреді.

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынасқа

салқындықтың басты себебі де – осы никотин.

Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы,

жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты

аурулар пайда болады

88

.

Темекінің зардабынан пайда болатын негізгі ауру-

лар:

• Асқа деген тәбетті қайтарады.

• Ас қорытуды қиындатады.

• Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

• Асқазанда жара пайда болады.

• Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

• Жөтел және қақырық пайда болады.

• Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп

соқтырады.

88

http://info-tses.kz