Previous Page  89 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 288 Next Page
Page Background

89

Темекі тартуды кейбір кісілер

«мәкрүһ» десе, енді береулер харам

деуде. Осының дұрысы қайсысы?

Темекі тарту пайғамбарымыздың, сахабалардың,

одан кейін келген төрт мәзһаб имамдарының кезінде жоқ

еді. Сондықтан темекі тартудың адал яки арамдығына

байланысты хадистерден, не төрт мәзһаб имамдарының

пәтуаларынан нақты дәлел табу қиын. Ал, темекі алғаш

рет XVI ғасырда пайда бола бастағаннан бері оның

адал не арамдығына байланысты ислам ғұламаларының

түрлі пікір білдіргенін байқаймыз. Қайсібір ғұламалар

темекіні нақты харам ететін Құран, не хадистен айқын

дәлелдің жоқтығын және сол ғасырларда оның адам

ағзасына зияндылығы анық дәлелденбегендігін алға тар-

тып

«мәкрүһ»

немесе

«мүбах»

деп үкім шығарса, енді

біреулері Құрандағы кейбір аяттарға сүйене отырып

«ха-

рам»

деп кесіп айтқан.

Ислам шариғатында кейбір үкімдердің заманы мен

жағдаятқа қарай түрленетіні мәлім. Темекі тарту үрдісінің

кең тарамаған әрі денсаулыққа аса зияндылығы нақты

дәлелдене қоймаған ертеректе берілген

«мәкрүһ»

үкімі

бүгінгі таңда басқаша қаралатыны анық. Сондықтан

кейінгі ғасырларда темекі тарту әдетінің әлемде,

оның ішінде мұсылмандар арасында да кең жайылып,

денсаулыққа аса зияндылығы ғылыми тұрғыда нақты

анықталғаннан кейін басым көпшілік ислам ғұламалары

мен бірқатар ислами ұйымдар оның анық харам екендігін

айтып пәтуа шығарды. Мысалы, Мысырдағы

«әл-Әзһар»