Previous Page  84 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 288 Next Page
Page Background

84

Дін мен Діл

Ибн Аббастан риуаят етілген бұл хадис әл-Бухари

мен Муслимде кездеседі. Ибн Аббас айтты:

«Бір кісі

Пайғамбарымызға келіп: Уа, Алланың елшісі, менің

шешем мойнында бір айлық қарыз оразасы бар күйде

қайтыс болды. Оның орнына сол оразасын өтесем бола

ма?- деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Егер шешеңнің елге

қарызы болса, өтер ме едің?», - деді.

Сұраған кісі: «Иә», - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз:

«Онда

Алла

алдындағы

шешеңнің қарызы өтелуге одан да лайығырақ»,

- деді.

Бұл хадисті Ибн Аббас риуаят етті.

«Жуһайнадан бір

әйел пайғамбарымызға келіп былай деді:

– Шешем қажылыққа барамын деп уәде (нәзір) ет-

кен еді. Бірақ қажылық жасай алмай бақилық болып

кетті. Енді мен оның орнына қажылық жасасам бола

ма?

– Егер шешеңнің басқа біреуге қарызы болғанда,

оның қарызын өтерме едің? (Әрине). Ендеше, шешеңнің

Аллаға деген қарызын өте. Себебі, қарызы өтелуге ең

лайық – Алла Тағала»,- деді».

Жоғарыдағы хадистерді саралай келе, ғұламалар

оқылған Құран сауабының да бағышталған марқұмдарға

тиетіндігін айтқан. Себебі, ораза да, садақа да, қажылық

та ғибадат бола тұра өлген кісіге арналып атқарылған

жағдайда, сауабының жететіндігін пайғамбарымыз