Previous Page  83 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 288 Next Page
Page Background

83

Дін мен Діл

сауабының өліге тиетіндігі хадистермен білдірілген»

78

-деп, оқылған Құранның сауабының өліге жететіндігіне

байланысты көзқарасты дәлелдеуге тырысқан.

Ибнул-Қаййм әл-Жәузия

«Рух»

атты кітабында

былай деген:

«Өліге бағышталатын істердің ең абза-

лы – садақа, өлі үшін дұға жасау, кешірім сұрау және

қажылыққа бару. Ал, Құран оқып, бағыштауға келетін

болсақ, оны ақысыз оқып, бағыштаған жағдайда сауабы

өліге тиеді»

79

.

Ибнул-Қаййм әл-Жәузия басқа бір жерде

«Бұларды

жасап жатқанда, бұл істерімді өлілерге арнаймын деп

ниет еткені абзал. Ниетті тілмен айту шарт емес»,

-

деген.

Арнайы ниетпен бағышталып жасалған жақсылықтар

мен оқылған Құранның сауабы өліге тиеді дейтіндердің

дәлелдері мынандай:

Бұл хадис Әбу һурайрадан риуаят етілді. Бір кісі

пайғамбарымызға:

«Менің әкем қайтыс болды. Артын-

да дүниесі қалды. Артында қалған дүниесін (пәлен

жерге берілсін) деп өсиет етпеді. Егер мен оның орны-

на садақа етіп берсем, күнәлары кешіріледі ме? - деп

сұрады. Пайғамбарымыз: «Иә» деп жауап қайырды»

80

.

78

Сайд Сабиқ, Фиқһус-сунна,1 –том,570-бет.

«әл-Китабул-араби

баспасы»,

Байрут, 1971 ж.

79

Ибнул-Қаййм әл-Жәузия, әр-Рух, 202-бет.

«әл-Мұхтар»

баспасы,

Каир, 2006 ж.

80

Сахих Муслим, Муснәд Ахмад.