78
Дін мен Діл
Демек, жалпы алғанда алақанмен бет сипау
шариғатта бар. Біздің халқымыз және басқа да Хана-
фи мәзһабын ұстанатын тіпті ұстанбайтын көптеген
мұсылмандар дұғадан кейін бет сипаған уақытта осын-
дай түсініктер мен негіздерге сүйене отырып жасаған.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ешбір хадисінде:
«дұғадан
кейін беттеріңді сипамаңдар»
деп тікелей тыймағанын
ескерер болсақ, халқымыздың әу бастан, әдет етіп,
ғасырлар бойы қалыптастырған осындай істеріне
қарсы шығу – адамдардың ойларын сан-саққа жетелеп,
шатастыруға, ел арасындағы ынтымаққа кесірін тигізіп,
бүлікке себеп болары сөзсіз. Сондықтан еліміздегі
ғасырлар бойы қалыптасқан осындай діннің тармақ
мәселелеріне қарсы пәтуа айтуға асықпаған жөн.
Шариғаттың кейбір мәселелерінде пәтуалардың
ел мен жердің ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отыра-
тынан ескергеніміз жөн. Өзіңіз ойлап көріңізші, дінді
уағыздап отырған адам батадан кейін бетін сипамастан,
екі қолын түсіре салса, ғасырлар бойы дұғадан кейін
бет сипауға үйренген халық не ойлайды? Жұрт
«мынау
біздің ізгі тілегімізге қосылмай отырған адам ғой»
деп
ойлағандықтан, оның айтып жатқан уағыздарына да
құлықсыздық танытуы бек мүмкін. Сондықтан шариғатқа
қайшы емес, осындай ұсақ-түйек мәселелерге
«болмай-
ды!»
деп аттан салып, қарсы шығудың пайдасынан зия-
ны басым. Мұндай тармақ мәселелерде халқымыздың
бірлігі мен сүттей ұйыған ынтымағын басты назарға алу-
ымыз ләзім. Парасатты мұсылман айналасында қаншама
түзетілуі тиіс шариғатқа қайшы бұрыс істер тұрғанда,
осындай ел бірлігін ірітетін істермен айналыспасы анық.