75
Дұға жасағаннан кейін бетті сипау
дұрыс па? Кейбір адамдар мұның
шариғатта жоқ екенін айтып, қарсы
шығуда. Осының ара жігін ажыратып
берсеңіздер.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғадан кейін бет
сипағанына байланысты және
«сипаңдар»
деп бұйырған
көптеген хадистері бар. Мысалы,
Бұл хадис Омардан (р.а) риуаят етілді. Ол былай
деді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолдарын дұға ету үшін
көтерер болса, оны жүзіне сипамай түсірмейтін
еді»
65
.
Хадисті Ибн Аббас риуаят етті. Ол былай деді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.): Алла Тағаладан тілеген кез-
де алақандарыңның сыртымен емес, ішімен тілеңдер
және алақандарыңды жүздеріңе сипаңдар деді»
66
.
65
әт-Тирмизи, 3308. Қосымша қараңыз: әл-Мустадрак алас-
сахихайн лил-Хаким, 1923. Муснад Абд ибн Хамид, 40. әл-
Муғжамул-әусат лит-Табарани, 7252.
66
әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1924. Және қосымша
қараңыз: Әбу Дәәуід, Бабуд-дуға. Муснад Абд ибн Хамид, 717.