Previous Page  72 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 288 Next Page
Page Background

72

Дін мен Діл

ескерер болсақ, жоғарыдағы жылқы етіне байланысты

берген пәтуасының

«мәкрүһ тәнзиһан»

адалға жақын

мәкрүһ екенін аңғаруға болады. Әбу Ханифаның жылқы

етіне мәкрүһ, ал сүтіне адал деп басқаша үкім беруінің

астарында жылқы сүтін ішу салдарынан соғыс көлігінің

азаймайтындығы, мініс мақсатының жоғалмайтындығы

жатыр

62

. Егер жылқы еті харамға жақын мәкрүһ болғанда,

Әбу Ханифа оның сүтіне адал деп үкім бермес еді.

Ал Әбу Ханифаның екі үлкен мүжтаһид шәкірті

Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың пікірінше, жылқы еті адал.

Дәлел ретінде әл-Бухариде және Муслимде риуаят етілген

мына хадистерді келтіреді:

Біріншісі,ЖәбирибнАбдилланың:

«Пайғамбарымыз

(с.а.у.) хайбар күні есек етін жеуге тыйым салып,

жылқы етін жеуге рұқсат берді»

63

деген хадисі.

Екіншісі, Әбу Бәкірқызы Әсманың:

«Пайғамбар

(с.а.у.) заманында жылқыны сойып, етін жедік»

64

деп

риуаят еткен хадисі.

Қорытынды:

Бәрімізге белгілі ханафи мәзһабы,

бұл тек Әбу Ханифаның берген пәтуларының жиынтығы

ғана емес, ханафи мәзһабының үкім шығару негіздеріне

(усулул-фиқһ) сүйене отырып шығарылған мүжтаһид

ғалымдардың пәтулары да осы мәзһабқа жатады. Ха-

нафи мәзһабында Әбу Ханифаның екі үлкен шәкірті

Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың берген пәтулары да көп

жағдайда негізге алынады. Міне, сондықтан жылқы етін

жейтін ханафи мәзһабын ұстанатын мұсылмандар бұл

мәселеге байланысты Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың бер-

62

әл-Марғинани, әл-Һидая шарху бидаятил-мубтади, 4-том,

1458-бет.

«Дәрус-сәлам»

баспасы, Каир қаласы, 2000 ж.

63

Сахихул-Бухари, 39826, 4-том, 1544-бет. Дәру Ибни Кәсир

баспасы, Бәйрут, 1987 ж.

64

Сахих Муслим, 5191, 5-том, 2099-бет.

«Дәру Ихиа’ит-турасил-

араби баспасы»,

Бәйрут.