Previous Page  69 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 288 Next Page
Page Background

69

Дін мен Діл

әл-Ансаридің (р.а.) қылдан тоқылған қалың шұлығына

мәсіх тартқандығы сахих жолмен риуаят етілген

56

.

Ендеше, қазіргі жұқа шұлықтар, тіпті қолдан

тоқылған кейбір байпақтар пайғамбарымыздың (с.а.у.)

заманындағы шұлыққа ұқсамағандықтан, оған мәсіх

тартуға болмайды. Мәсіх тартуға жарайтын шұлықта бо-

луытиісшарттар әһлус-сунна уәл-жәмаъа ғалымдарының

«ижмаъына»

(бірауыздан келіскен шарттарына) жа-

тады. Сондықтан бұл шарттары жоқ шұлыққа мәсіх

тартқан кісінің дәреті толық болмағандықтан намазы

да

«жүмһүр»

яғни көпшілік ғұламалар бойынша дұрыс

емес.

Сөз түйіні, жеңілдікті желеу етіп, дәреттің

төрт парызының бірі саналатын

«аяқ жууды»

жұқа

шұлыққа мәсіх тарта салумен айырбастауға болмайды.

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі нәрсенің біреуінтаңдар бол-

са, сөзсіз күнә болмаған жағдайда жеңілін таңдайтын

еді. Ал егер күнә болса, адамдардың арасындағы одан

ең аулағы болатын...»

57

деген хадисте де көрсетілгендей

жеңілді таңдау үшін, ол нәрсенің ең алдымен

«күнә»

болмауы шарт. Пайғамбар (с.а.у.) заманында қазіргідей

жылуынан гөрі сәні үшін киілетін жұқа шұлықтардың

болмағанын ескерер болсақ, аталмыш

«шұлығына мәсіх

тартты»

деген хадисті

«жеңілдікке»

айғақ ретінде

келтіре алмайтынымыз ақиқат.

Ал ауа-райының суықтығына, яки басқа да түрлі

жағдайларға байланысты аяқ жууға қиналған жан-

56

Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һумам әс-Санъани, Мусаннафу

Абдир-Раззақ, 1-том, 199-бет.

«Әл-мәктәбул-ислами»

баспасы,

Бәйрут, 1977 ж. Қосымша қараңыз: Мұхаммед Шамсул-Хақ

әл-азим Әәбаади, Ъаунул-маъбууд,

«Дарул-кутубил-ъилмия»

баспасы, Бәйрут, 1995 ж.

57

Сахихул-Бұхари, 3-том, 1306-бет. «Дару ибни Кәсир» баспасы,

Бәйрут, 1987 ж.