Previous Page  71 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 288 Next Page
Page Background

71

Бір кісі: «Егер сендер ханафи

мәзһабын нақты ұстансаңдар, онда

жылқы еті бұл мәзһаб бойынша харам»

деді. Осы сөз рас па? Яғни, ханафи

мәзһабында жылқы еті харам ба?

Жылқы етіне байланысты ханафи мәзһабында екі

түрлі үкім бар. Әбу Ханифа пікірінше жылқы еті мәкрүһ

болса, оның екі үлкен мүжтаһид шәкірті Мұхаммед

пен Әбу Юсуф бойынша адал. Әбу Ханифа жылқы

етінің мәкрүһтігіне байланысты «Нахл» сүресінің:

«Жылқыны, қашырды және есекті мінулерің үшін

және сән мақсатында жаратты»

деген 8-аятын дәлел

ретінде келтіреді. Яғни, малдың етін жеу ең үлкен нығмет

бола тұра бұл аятта жылқының мінуге арналғандығы

мен сәндігі ғана айтылып отыр. Егер жылқы еті анық

адал болғанда ең әуелі оның осы жағы айтылатын еді

дейді. Бірақ аятта жылқы етінің нақты желінбейтіндігі

кесіп айтылмағандықтан Әбу Ханифа оған харам деп

емес, мәкрүһ деген үкіммен шектелген. Сондай-ақ, Әбу

Ханифаның мәкрүһ деп үкім беруінің тағы бір негізгі

себебі жылқы малының соғысқа қажеттілігінде жа-

тыр. Себебі, басқаша үкімге бару соғысқа ең қажетті

көліктің азаюына, аятта айтылған оның

«міністілік»

мақсатының жоғалуына әкеп соғады. Әбу Ханифаның

мәкрүһ дегені

«мәкрүһ тәнзиһан»

адалға жақын мәкрүһ

па, жоқ әлде

«мәкрүһ тахриман»,

яғни харамға жақын

мәкүһ па ғұламалар арасында екі ұшты пікір бар. Алайда

Әбу Ханифаның жылқы сүтіне адал деп пәтуа бергенін