67
Дін мен Діл
Ал шұлықтың жүруге жарамды болуы үшін қалың әрі
мықты болу керектігі айтпаса да түсінікті.
Жоғарыда төрт мәзһаб ғұламалары пәтуаларынан
байқағанымыздай, мәсіх тартуға болатын шұлық – аяқ
киімсіз жүруге жарайтындай мықты, су өткізбейтіндей әрі
асты көрінбейтіндей тығыз және қалың, жуылуы парыз
болған, яғни, аяқтың тобыққа дейінгі жерін жауып тұруы
шарт. Тіпті, Мәлики мәзһабы бойынша табаны терімен
қапталған болуы қажет.
Мәзһаб ғұламалары мәсіх тартуға жарайтын
шұлықта болуы тиіс бұл шарттарды қайдан алған деген
сұраққа әт-Тирмизи жинағына
«Тухфатул-ахуази»
атты
кең түсіндірме жазған фиқһ әрі хадис саласының білгір
ғалымы Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдир-Рахим әл-
Мубәракфури былай дейді:
«Дәрет алуда негізгі нәрсе – Құранда келгендей екі
аяқтың жуылуы. Ал, Құран үкімін «мәсіге мәсіх тартуға
болатындығын білдіріп» келген хадис сияқты барлық
хадис ғалымдарының бірауыздан «сахих» деп бағалаған
хадистерімен ғана айырбастауға болады. Ал енді шұлыққа
мәсіх тартуға болатындығын білдіретін (жоғарыдағы)
хадистің сахихтығына (дұрыстығына) байланысты бұл
саланың мамандары арасында сынға толы түрлі пікір
бар. Ендеше, қалайша ғана (аяқтарыңды жуыңдар деген)
Құран бұйрығын мұндай әлсіз хадиспен айырбастауға
болады? Осыны меңзеген Муслим
53
: «Әбу Қайс, Һузәйл
(«шұлыққа мәсіх тартты» деген жоғарыдағы хадисті
риуаят еткен кісілер) сияқты кісілердің риуаятын
негізге алып Құранның заһири үкімінен (аяқты жуудан)
басқа үкімге (шұлыққа мәсіх тартуға) баруға болмайды»
дейді
54
.
53
«Сахих Муслимді»
жинақтаған әл-Бухариден кейінгі беделді
хадис ғалымы Муслим ибн Хажжаж (Һижри, 204-261).
54
Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет.
«Мәктабату Дарил-
Бәз»
баспасы, Мекке, 1994 ж.