Previous Page  63 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 288 Next Page
Page Background

63

Дін мен Діл

Тіпті, имам әт-Тирмизидің өзі аталмыш хадистегі

шұлықты жай жұқа шұлық деп емес,

«қалың байпақ»

деп

түсінген. Оған дәлеліміз, Имам әт-Тирмизи жоғарыдағы

хадисті келтіргеннен кейін былай дейді:

«Суфиян әс-

Сәури, Ибн Мүбәрак, Шафиғи, Ахмад және Исхақ

сияқты көптеген ғылым иелері: «Наъл (тәпішке тәрізді

жеңіл түрі) болмаса да қалың шұлыққа

42

мәсіх тартуға

болады»

43

.

«Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға» болады дейтіндердің

дәлел ретінде келтіріп жүрген жоғарыдағы Муғира ибн

Шуъбадан риуаят етілген хадисті түйіндер болсақ:

Біріншіден, хадис – Муслим ибн Хажжаж

44

сияқты

көптеген мәшһүр хадис ғалымдарының пікірінше,

«әлсіз»

.

Екіншіден, хадисті дәлел ретінде қабылдағанның

өзінде онда айтылған шұлық жұқа емес, қалың шұлық.

Тіпті хадисті

«хасан-сахих»

деп бағалаған әт-Тирмизидің

өзі осылай түсінген.

Үшіншіден, Әбул-Уәлид ән-Нәйсабури сынды

кейбір ғұламалар хадисте айтылған

«екі шұлығына және

аяқ киіміне мәсіх тартты»

дегенді шұлығына жеке, аяқ

киіміне жеке мәсіх тартты деп емес,

«табаны терімен

қапталған шұлыққа»

мәсіх тартты деп түсінген.

Төртіншіден, хадисте тек шұлыққа ғана мәсіх

тартты делінбеген, шұлықпен бірге тәпішкесіне (аяқ

киімнің тобықтан төмен жеңіл түрі) де мәсіх тартты

42

әт-Тирмизи жинағының

«Тухфатул-ахуази»

атты түсіндірмесінде

әт-Тирмизидің:

«Наъл» болмаса да деген сөзімен – табаны

терімен қапталған шұлық болмаса да»

деп айтқысы келгендігі

жазылған. (Тухфатул-әхуази Шарху жамиъит-тирмизи, 398-бет,

1-том,

«Байтул-афкарид-даулия»

баспасы).

43

Мухаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том,

167-бет.

«Дарул-ихиаайт-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.

44

Сунанул-Бәйһақил-кубра,1-том, 284-бет.

«Мәктабату Дарил-

Бәз»

баспасы, Мекке, 1994 ж.