Previous Page  62 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 288 Next Page
Page Background

62

Дін мен Діл

Бәйһақи бұл хадисті «мүнкәр» дей отырып Суфиян әс-

Сәури, Абдур-Рахман ибн Мәһди және Ахмад ибн Ханбал,

Али ибн әл-Мәдини, Иахия ибн Мағин, Муслим ибн Хаж-

жаж секілді мәшһүр хадис ғалымдарының да «әлсіз» деп

бағалағанынжеткізді

39

. Әт-Тирмизи бұл хадисті «хасан-

сахих» деп бағалағанымен жоғарыда аты аталған хадис

ғалымдарыныңдеңгейі оданжоғарыдепесептеледі. Тіпті

ілім иелерінің келісілген пікірі бойынша бұл ғалымдардың

қай-қайсысы да әт-Тирмизиден (хадис ілімінде) жоғары.

Екіншіден, хадисті «сахих» деп қабылдағанның өзінде

басқа қайшы дәлелдермен үйлестіріп дұрыс түсіну

үшін онда айтылған «шұлықты» (аяқ киімсіз) жүруге

жарайтын шұлық деп жорамалдау қажет. Себебі, ха-

дисте жалпылай шұлықтың барлық түрін білдіретін

сөз жоқ

40

. Үшіншіден, әл-Бәйһақи (кітабында) ұстаз

Әбул-Уәлид ән-Нәйсабуридің былай дегенін жеткізді:

Бұл хадистегі шұлық – жеке шұлық және жеке аяқ киім

емес, асты терімен қапталған шұлық. Яғни, хадисті:

«Пайғамбарымыз екі шұлығына және аяқ киіміне мәсіх

тартты» деп емес, «табаны терімен қапталған екі

шұлыққа мәсіх тартты» деп түсіну қажет. әл-Бәйһақи

Әнас ибнМәликтің де хадиске байланыстыосымағынаны

меңзейтін сөзін жеткізді»

41

.

39

Мәғрифатус-сунан уәл-әәсаар лил-Бәйһақи, 1-том, 349-бет.

«Дәрул-кутубил-илмия»

баспасы, Бәйрут.

40

Жалпылай барлық шұлықты білдіретін сөз жоқ деуі –

Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

«Шұлыққа мәсіх тартыңдар»

де-

ген әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ. Бар болғаны Муғира ибн

Шуъбаның

«пайғамбарымыз шұлығына және тәбішкесіне мәсіх

тартты деген»

оқиғаны баяндау сөзі ғана. Ал мұндай түрлі

жорамалдауға болатын әрі бірнеше ықтималға жүкті оқиғаларды

баяндау – Усулул-фиқһ ілімінде жалпылықты білдірмейді. Себебі

баяндауда қолданған сөздермен оқиғаныбағалау – баяндаушының

көзқарсына тікелей қатысты.

41

Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 566-бет.

«Дәрул-фикр»

, Бәйрут, 1997 ж.