Previous Page  57 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 288 Next Page
Page Background

57

Дін мен Діл

Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама:

«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған

көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиырма рәкат.

Бұл көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да

ұстанады»

деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жи-

ырма рәкат екенін білдірген.

Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб

бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман

үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық.

Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан-

дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың

рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген

ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың

іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі

дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың

іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты

белгілі бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат

емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты

Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін

біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір сан-

дыойданшығаруымүмкін емес. Тарауих намазыОмардың

(р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма рәкат етіп

оқытыла бастаған. Язид ибн Руман:

«Омардың (р.а.) за-

манында мұсылмандар тарауихты (үтірді қосқанда) жи-

ырма үш рәкат етіп оқитын»

деген. Абдур-Рахман ибну

Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның бір түнінде

мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде намаз оқуда.

Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып жатқанның ар-

тына келіп басқа бір топ адамдар ұйып жатыр. Мұны

көріп, Омар (р.а.):

«Адамдардың бәрін бір қаридың арты-

на жинаған дұрыс-ау»

, – деді де, Убәй ибн Кәғбті имам

етіп, жамағатты оның артына ұйытты. Сосын басқа бір

түні мешітке Омармен (р.а.) бірге бардым. Адамдардың