52
Дін мен Діл
яки мүлдем дұрыс емес деу үшін жазған жоқпыз. Тек
айтпағымыз – әминді іштей айтуға байланысты Хана-
фи мәзһабының да өзіндік шариғи дәлелдері бар екенін,
оның жай айтылған негізсіз үкім еместігін білдіру.
Негізі,
«әминді»
жария яки іштей айту − дауласып,
даурықтыратын іс емес. Маңыздысы – әминнің
«Фатиха»
сүресінен кейін ықыласпен айтылуы әрі періштелердің
«әмин»
деуіне дәл келіп, күнәлардың кешірілуі емес пе?
Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойы ханафи мәзһабын
ұстанғандықтан халық арасындағы ауызбіршілікті сақтап,
бүлікке жол бермеу әрі енді-енді намаздарын оқып үйреніп
жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу мақсатында өзге
көзқарастағылардың да әминді іштей айтуы абзал.
«Әминнің» «Фатихадан»
кейін айтылуы – сүннет.
Ал оның іштей немесе жария айтылуы сол сүннетті
түсінудегі көзқарас, түсінікке ғана жатады. Ал Ислам
үмбеті арасындағы ауызбіршілік пен сүттей ұйыған
ынтымақ – парыздардың парызы. Ендеше, бір көзқарас,
түсінік үшін ақырғы пайғамбар үмбетінің арасында бірлік
пен ынтымаққа сызат түсіруге болмайтындығы айтпаса
да түсінікті.