48
Дін мен Діл
жүздеріңді және қолдарыңды шынтақтарыңа дейін
жуыңдар. Әрі бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды
жуыңдар»
деген аятындағы
«намазға тұрған кезде»
деген тіркесті
«намазға тұрарда»
деп бірауыздан
түсінген. Себебі, намазға тұрып қойғаннан кейін дәреттің
алынбайтындығы айтпаса да түсінікті.
5. Насруддин Әлбани өзінің
«Тәмәмул-минна фит-
таълиқ ала фиқһус-сунна»
атты кітабында былай дейді:
«Жамағаттың да имаммен бірге «әминді» дауыстап
айтуы керек дейтіндердің: «Зубайр және артындағылар
әминді айтқанда мешіт жаңғырып кетті» делінген
дәлелдерінен басқа дәйектері жоқ. Бірақ мұның өзі
«әминді» жамағаттың да дауыстап айтуына дәлел
емес. Себебі, бұл хадисті жеткізушілердің тізбегі
Пайғамбарымызға (с.а.у.) жетпей қалған (марфуғ
болмаған). Пайғамбарымыздың дауыстап айтқанына
байланысты бірқатар хадистер бар. Бірақ ешбірінде
Алла елшісінің артындағы сахабалардың да қосылып
әминді жария айтқандығы айтылмаған. Әминнің дұға
екені белгілі. Негізінде дұға іштей айтылады. Өйткені
Алла Тағала
«Раббыларыңа жалбарынып, іштей
(құпия) тілеңдер!»
28
деген. Ал бұдан айну үшін оған са-
хих дәйек керек».
Бұл – Насруддин Әлбанидің өз сөздері.
Оның ойынша, Пайғамбарымызбен (с.а.у.) қосылып
сахабалардың да әминді жария айтқандығына байланы-
сты нақты сахих хадис жоқ.
Ал хазірет Ъатааның (р.а.):
28
Мухаммад Насруддин Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та’лиқ ала
фиқһус-сунна, 177-бет, Мәктабатул-исламия, Дарур-райа лин-
нашр, 2-басылым, 1988 ж.