Previous Page  45 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 288 Next Page
Page Background

45

Кейбір мұсылмандар: «Намазда

«Фатиха» сүресінен кейін «Әминді»

іштен айтуға байланысты Ханафи

мәзһабының оңды дәлелі жоқ. Ең

дұрысы «жария» айту» деп уағыздап

жүр. Осы дұрыс па?

Ханафи мәзһабының ешбір амалы дәлелсіз

алынбаған. Ал кей дәлелдердің фиқһ кітаптарында жа-

зылмауы оның халыққа жеңілдік көздеп қысқартып

берілуінде.

«Әминді»

іштен айтуға келетін болсақ, оған

Ханафи ғұламаларының көптеген дәлелдері бар. Мыса-

лы:

1. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Имам «Ғайрил-мағдуби алайһим уәладдаллин» де-

ген кезде сендер де «әмин» деңдер, кімде-кімнің «әмин»

деуі періштелердің «әмин» деуіне дәл келсе, жасаған

күнәлары кешіріледі»

24

, – деген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисінде былай

деген:

24

Бұхари/1-108. Хадисті Әбу Һурайра риуаят етті.