Previous Page  50 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 288 Next Page
Page Background

50

Дін мен Діл

«Халық «әмин» деп айтуды қойып кетті,

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «ғайрил-мағдуби алайһим

уәладдаллин» деген кезде «әмин» дейтін. Мұны

бірінші қатардағылар еститін де, мешіт жаңғырып

кететін»

деген риуаятқа келер болсақ, Насруддин

Әлбани бұған да

«әлсіз»

деп баға берген

31

. Сондықтан

бұл да дәлел бола алмайды.

2. Пайғамбарыздың

«әминді»

алғашқы кездері

халықты

«әмин»

деп айтуға үйрету үшін жария ай-

туы ықтимал. Хазірет Омардың кейде үйрету үшін

«субханакә»

дұғасын, Әбу Һурайраның

«ағузу билланы»

жария айтқаны секілді

32

.

«Әбу Сакан Хужр ибн Ғанбас әс-сақафидан риуаят

етіледі. Ол былай деді: «Уайл ибн Хужр әл-Хадрамидың

былай дегенін естідім: «Пайғамбарымызды намазды

тәмамдағаннан кейін көрдім, тіпті, оның жүзін мына

жағынан да, ана жағынан да көре алдым. Ол: «ғайрил

мағдуби алайһим уәладдаллин» деп оқығаннан кейін

«Әмин» деп даусын созды. Мен мұны тек бізге үйрету

үшін жасады деп ойлаймын»

33

.

31

Мухаммад Насруддин Әлбани, Сахих уә дағиф Ибн Мәжа.

32

Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 2-том, 240-бет.

33

Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 2-том, 237-бет. Бұл хадисті

риуаят еткен кісілердің бәрі сенімді. Тек Иахия ибн Саламаны

бірқатар ғалымдар әлсіз десе де, Хаким, Ибн Хиббан секілді ха-

дис ғалымдары қуатты деп бағалаған.