55
Қазіргі
таңда
кейбір
топтар
«Тарауих намазын жиырма рәкат
оқу дұрыс емес, Алла елшісі (с.а.у.)
тарауих намазын сегіз рәкаттан артық
оқымаған» деген пікірді ел арасында
жайып жүр. Тіпті, абақтыда отырған
намаз оқитындардың арасында осы
үшін үлкен тартыс болған көрінеді.
Тарауих намазыжиырма рәкат па, жоқ
әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат
тұрғысынан талдап берсеңіз?
Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері
мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадисте
тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған.
Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих на-
мазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, жи-
ырма рәкат оқылды. Сол күннен бүгінге дейін мұсылман
үмбетінің шығысы мен батысы, яғни күллі ислам әлемі
оны жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт мәзһабта да
тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики мәзһабында
жиырма рәкат деген негізгі үкімнің жанында отыз алты
рәкат деген де көзқарас бар. Ғалым ән-Нафрауи тарауих
намазының рәкат санына байланысты келтірген көпшілік
ғұламаның дәйектерінің қуатты екенін әрі Мәлики
мәзһабын ұстанатындардың да бұған қосылатындығын
айтады. Мәлики мәзһабының көрнекті ғалымы әд-
Дардир:
«Тарауих намазы құптан намазынан кейінжиыр-
ма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін
сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір пара Құранды жи-