53
Ханафи мәзһабында намазда екі
қолды тек алғашқы тәкбірде ғана
көтереді. Ал бұл пайғамбарымыздың
(с.а.у.) Абдулла ибн Омардан риуаят
етілген сахих хадиске қайшы емес пе?
Намазда екі қолдың тек алғашқы тәкбірде ғана
көтерілетіндігіне байланысты ханафи мәзхабының мы-
нандай дәйекті дәлелі бар:
Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ
ибн Мәсғуд):
«Мен сендерге Алла елшісінің намазын
оқып көрсетейін бе?, – деп намаз оқыды. Намазда
екі қолын бір-ақ рет көтерді».
Бұл хадис Насайиде
келтірілген. Дәрежесі сахих. Және бұл хадис Ибн Әби
Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген
жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына
сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың
«Муснадында»
кел-
ген. Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан
қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты басқа са-
хих хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге
алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең
көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені
еді. Ол Пайғамбарымыздың жанынан үнемі шықпайтын,
сондай-ақ, қолды рүкүғқа бара жатқанда және қайтқанда
көтерілетіндігіне байланысты сахих хадисті риуаят ет-
кен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі іс жүзінде намазда бір-