59
Дін мен Діл
оқығандығы жоғарыдағы Ибн Аббастан риуаят етілген
хадистің дұрыс екендігіне қуатты дәлел.
Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін
ұстанатындардың дәлеліне келер болсақ:
Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі
Айша анамыздың:
«Алла елшісі (с.а.у) рамазан айында
және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық
намаз оқымайтын еді»
деген риуаяты. Бұл риуаят-
ты Айша анамыздан жеткен:
«Рамазан айы кірісімен,
Алла елшісінің (с.а.у) түрі өзгеретін әрі намаз көп
оқып, Жаратқанға қатты жалбарынушы еді», «Алла
елшісі (с.а.у) басқа уақыттарда көрсетпеген қажыр-
қайраты мен ыждаһатын рамазан айының соңғы он
күнінде көрсететін еді»
деген хадистермен топтасты-
рып қараған уақытта
«Алла елшісі (с.а.у) Рамазан айын-
да және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық
намаз оқымайтын еді»
деген жоғарыда келтірілген
риуаяттың тарауих намазы емес, түнгі тәһәжжүд нама-
зына қатысты екенін байқаймыз. Он бір рәкаттың сегіз
рәкатының – тәһәжжүд, ал қалған үш рәкатын Алла
елшісінің (с.а.у)
«Соңғы оқыған намаздарың үтір на-
мазы болсын»
дегенін ескере отырып, үтір намазы деп
түсінген жөн.