65
Дін мен Діл
Ханифаның науқас кезінде бұл ойынан Мұхаммед пен
Әбу Юсуфтың көзқарасына қайтып, қалың шұлыққа
мәсіх тартқандығы айтылады»
47
.
Мәлики мәзһабы бойынша:
Мәлики мәзһабында жұқа шұлықты былай қойғанда,
терімен қапталмаған қалың шұлыққа да мәсіх тартуға
болмайды. Яғни, Мәлики мәзһабында табаны терімен
қапталған шұлыққа ғана мәсіх тартуға болады
48
.
Шафиғи мәзһабы бойынша:
Шафиғи мәзһабында асты көрінбейтіндей қалың,
су өткізбейтіндей тығыз және жүруге жарайтындай
мықты болмаған, тіпті, кейбір пәтуалар бойынша терімен
қапталмаған шұлыққа да мәсіх тартуға болмайды. Имам
ән-Нәуауий былай дейді:
«Біздің мәзһабымыз (Шафиғи)
бойынша дұрысы – егер шұлық жүруге жарайтындай
мықты болса, онда оған мәсіх тартуға болады. Әйтпесе,
жоқ... Ал (аяқ киімсіз) жүруге жарамайтын жұқа
шұлыққа мәсіх тартуға болмайтыны даусыз»
49
.
Ханбали мәзһабы бойынша:
Ханбали ғалымдары табаны терімен қапталмаған
шұлыққа мәсіх тартуға болатындығын айтқан. Бірақ ол
шұлық – жұқа шұлық емес, аяқ киімсіз жүруге жарай-
47
Алауд-дин Әби Бәкір ибн Мәсъууд әл-Кәсаний, Бәдайъус-
санаайъ, 1-том, 141-бет.
«Дарул-кутубил-илмия»
баспасы. Бәйрут,
1997 ж.
48
Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби, әл-Кәфи, 1-том,
27-бет.
«Дәрул-кутубил-ъилмия»
баспасы, Бәйрут, 1982 ж.
Және қараңыз; Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ әл-Қуртуби,
әл-Истизкәәр, 1-том, 222-бет.
«Дәрул-кутубил-ъилмия»
баспасы,
Бәйрут, 2000 ж.
49
Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 1-том, 564-бет.
«Дәрул-фикр»,
Бәйрут, 1997 ж.