68
Дін мен Діл
Міне, сондықтан ғұламалар мәсіх тартуға жа-
райтын шұлықтың мәсі орнына жүруі әрі мәсіге бай-
ланысты хадистердің аясына кіруі үшін жоғарыдағы
шарттарды қосқан...»
55
.
Жоғарыдағы Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдир-
Рахим әл-Мубәракфуридің сөзін тарқатып түсіндірер
болсақ, төрт мәзһаб ғұламалары бойынша жоғарыдағы
хадис Құранның парыз еткен
«аяқты жуу»
үкімінің
орнына жүретіндей қуатта болмағандықтан жұқа
шұлыққа мәсіх тартуға болмайтындығын бірауыздан
білдірген. Ал мәсіге мәсіх тартуды білдіріп келген
хадистер өте көп әрі бірауыздан хадис ғалымдары
бойынша
«сахих»
болғандықтан қажет кезде
«аяқты
жуудың»
орнына жүре береді. «Ал су өткізбейтіндей
әрі асты көрінбейтіндей қалың әрі тығыз және аяқ
киімсіз жүруге жарайтындай мықты шұлыққа мәсіх
тартуға рұқсат берулерінің астарында мұндай сипаттағы
шұлықтың мәсіге ұқсатылуында (қияс қылынуында).
Яғни, шұлықтың мәсі орнына жүруі үшін, шұлықта
мәсідегі суды өткізбеу әрі жүруге жарамдылық секілді
ерекшеліктер болуға тиіс. Міне, сондықтан ғұламалар
мәсіх тартылатын шұлықта жоғарыдағы шарттардың
болуын талап еткен.
Бір ескеретін жайт, тоғызға жуық сахабаның
шұлыққа мәсіх тартқандықтарына байланысты келген
риуаяттарды
«жұқа шұлыққа мәсіх тартуға»
дәлел
ретінде келтіруге болмайды. Себебі, сахабалар жұқа
шұлыққа емес, аяқтарын жылы ұстау мақсатында ки-
ген қалың шұлықтарына мәсіх тартқан. Әбу Мәсғуд
55
Мухаммед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим әл-Мубәракфури,
Тухфатул-әхуази Шарху жамиъит-тирмизи, 1-том, 401-бет,
«Байтул-афкарид-даулия»
баспасы.