64
Дін мен Діл
делінген. Осының өзі аталмыш хадистің тек шұлыққа
мәсіх тартудың дұрыстығына дәлел бола алмайтынын
білдіреді.
Ендеше, Құранда
«аяқтарыңды жуыңдар»
деп әмір
етілген дәреттің төрт парызының бірі саналатын
«аяқ
жууды»
– хадис ілімінің көптеген ғалымдары
«әлсіз»
санаған, тіпті, дәлел ретінде қабылдағанның өзінде әртүрлі
түсінуге әрі жорамалдауға болатын күмәнді хадиспен
айырбастауға болмайды. Төрт мәзһаб ғұламаларының
ешқайсысы
«жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болады»
- деп
пәтуа бермеген. Яғни, бұл мәселеде ғұламалар арасында
«ижмағ»
бар.
Төрт мәзһаб ғұламалары шұлыққа мәсіх
тартуға байланысты не дейді?
Ханафи мәзһабы бойынша:
Ханафи мәзһабының атақты ғалымы Имам әл-
Кәсанидің
«Бәдаиъус-санайъ»
атты кітабында былай
делінеді:
«Мұхаммед пен Әбу Юсуф
45
бойынша жүруге
жарайтындай
46
мықты, астын көрсетпейтіндей
қалың және суды өткізбейтіндей тығыз, аяққа киген-
де байламай-ақ өздігінен тік тұратын шұлыққа немесе
үсті және табаны терімен қапталған мәсі тәріздес
шұлыққа, яки, тек табаны терімен қапталған шұлыққа
мәсіх тартуға болады. Ал, Әбу Ханифа бойынша тек
табаны терімен қапталған немесе табаны да үсті
де терімен қапталған мәсі тәріздес шұлыққа ғана
мәсіх тартуға болады. Бірақ басқа бір риуаятта Әбу
45
Әбу Ханифаның ең үлкен мүжтаһид шәкірттері. Ханафи
мәзһабында осы екі кісінің пікірлері мен пәтулары көп жағдайда
ескеріледі, тіпті негізге алынады.
46
Ханафи мәзһабында ұзақ жол мөлшерін 1 фарсах деп көрсеткен.
1 фарсах – 5565 метр.