Previous Page  61 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 288 Next Page
Page Background

61

Жұқа шұлыққа мәсіх тартуға

бола ма?

Бүгінгі таңда кейбір жастар дәреттің төрт парызының

бірі саналатын «аяқты жууға» жеңіл қарап, жаз болсын,

қыс болсын жұқа шұлыққа мәсіх тарта салуды әдетке ай-

налдырып, тіпті өзгелерді де осыған уағыздап жүр. Дәлел

ретінде Муғира ибн Шуъбадан риуаят етілген:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алды және екі

шұлығына және аяқ киіміне

(наъл – аяқ киімнің

тәбішке секілді тобықтан төмен келетін жеңіл түрі)

мәсіх тартты»

деген хадисті келтіреді. Алайда бұл ха-

дис көптеген хадис ғалымдары бойынша

«сахих»

емес.

Әбу Дәуід, ән-Нәсаий секілді хадис ғалымдары бұл

хадисті

«әлсіз»

деген. әт-Тирмизидің хадис жинағына

«Тухфатул-ахуази»

атты кең түсіндірме жазған Мухам-

мед Абдур-Рахман ибн Абдур-Рахим да жоғарыдағы

хадисті және пайғамбарымыз (с.а.у.) шұлыққа мәсіх

тартты деген басқа үш хадистің де түгелдей

«әлсіз»

екенін білдірген. Негізінде Муғира ибн Шуъбадан

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шұлыққа емес, мәсіге мәсіх

тартқандығы дұрыс жолмен риуаят етілген

38

. Имам ән-

Нәуауий жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді:

«Бұл

хадис – әлсіз. Көптеген Хафыз ғалымдар әлсіз деген. әл-

38

Муслим ибн Хажжаж, Сахих Муслим, 1-том, 229-бет.

«Дәру

Ихиа’ит-турасил-араби»

баспасы, Бәйрут.