Previous Page  58 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 288 Next Page
Page Background

58

Дін мен Діл

бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны көрген Омар (р.а.):

«Бұл

қандай жақсы бидғат,» – деді»

37

дегенін жеткізді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар

рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын

мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы

кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да,

кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке

жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманында да

солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың бәрін бір

имамның артына жинап, тарауих намазын күнде мешітте

өткізу үрдісін қалыптастырған әрі рәкат санын жиырма

рәкат еткізген. Омардың (р.а.) бұл ісіне яғни тарауихтың

күнде мешітте жамағатпен жиырма рәкат ретінде

оқытылуына ешбір сахабаның қарсы шықпағандығы,

олардың бұл мәселеге байланысты пайғамбарымыздың

берген қандай да бір үкімін білгендіктерінде. Омардың

(р.а.) қолға алған ісіне қолдау көрсетуі сахабалардың

ислам заңдарының негізі бойынша «ижмағ» бо-

лып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет секілді

шариғатымыздың негізгі дәлелдеріне жатады.

Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың

(с.а.у) Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы

мен үтірді оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкат

санына байланысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен

сахабалардың фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың

тарауихты іс жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған

ижмағ) қуаттанып отыр. Айша анамыздың

«Алла елшісі

(с.а.у) рамазанның түндерінде мол намаз оқитын

еді»

делінген риуаяты мен сахабалардың және көпшілік

мәзһаб ғұламаларының тарауихты жиырма рәкат

37

Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,

Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет,

Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.