Previous Page  56 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 288 Next Page
Page Background

56

Дін мен Діл

ырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-аяқ бұл айда бір

рет хатым ету – мұстахаб»

деген. Ибн Хажар Һәйтами

мәлики мәзһабындағы Тарауих намазының отыз алты

рәкат болуының негізін былай деп түсіндіреді:

«Мекке

халқы тарауихтың әрбір төрт рәкатынан кейін қағбаны

тауап жасайтын еді. Мәдинадағы мұсылмандар тауап

жасай алмайтын болғандықтан, оның орнына қосымша

он алты рәкат намаз оқыған...».

Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жиыр-

ма рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси:

«Тарауих намазы – үтірді қоспағанда жиырма рәкат»

десе, Кәсани:

«Тарауих намазының мөлшері – он сәлемнен

тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір таруиха екі

сәлемнен тұрады. Намаздың рәкатына байланысты бұл

көзқарасжалпы ғұламалардың таңдауы»

деген. Ибн Аби-

дин де тарауих намазының жиырма рәкаттан тұратынын

әрі көпшілік ғұламалардың осы көзқараста екенін, тіпті

ислам үмбетінің батысы да, шығысы да осыны іс жүзінде

ұстанатынын білдірген.

Шафиғи мәзһабының атақты ғалымы Имам ән-

Нәуауий:

«Мәзһабымызда тарауих намазы жиырма

рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін

сәлем беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруиха» (аздап

үзіліс беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар. Бір тәруиха

– екі рәкат сайын сәлем берілетін төрт рәкаттан

тұрады. Міне, бұл біздің мәзһабымыздың көзқарасы.

Бұл көзқарасты Әбу Ханифа мен оның ізбасарлары

35

,

Ахмед ибн Ханбал, Әбу Дәәуід және басқа да ғалымдар

ұстанады...»

36

деп, Шафиғи мәзһабында тарауихтың жи-

ырма рәкат екенін айтқан.

35

Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид

шәкірттерін меңзеп тұр.

36

Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 38-бет.

«Дәрул-фикр»

, Бәйрут, 1997 ж.