51
Дін мен Діл
Міне, пайғамбарымыз (с.а.у.)
«әминді»
дауыстап
оқыды деген хадисті риуаят еткен Уайл ибн Хужр
пайғамбарымыздың
«әминді»
жария айту себебінің
«үйрету»
мақсатында екенін айтуда. Пайғамбарымыз
«әминді»
дауыстап айтты деген негізгі хадистерді осы
Уайл ибн Хужрдың риуаят еткенін ескерсек, Ханафи
ғалымдарының
«үйрету мақсатында»
айтуы мүмкін де-
ген сөздерінің қаншалықты негізді екенін аңғаруға бола-
ды.
Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) әминді әрдайым жа-
рия айтқан болғанда Омар, Али, Ибн Мәсғуд секілді са-
хабалар іштен айтпас еді. Әбу Сағид
«Омар да, Али да
«бисмиллаһир-рахманир-рахимді» және «Әминді» жа-
рия айтпайтын еді»
деп риуаят еткен
34
.
Ханафи және Малики мәзһаб ғұламаларының
әминнің іштей айтылуына байланысты басқа да көптеген
дәлелдері бар. Бірақ мақала көлемі көтермейтіндіктен,
бұл жерге жазылмады.
•
Ескерту:
Қазіргі таңда қазақстандық мұсылмандар
арасында
«әминді»
іштей айту мен жария айтуға бай-
ланысты көптеген дау-дамай болып жүр. Себебі,
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
«әминге»
байланысты
хадистерін төрт мәзһаб ғұламалары әр түрлі түсінген.
Шафиғи мен Ханбали ғұламалары
«әминді»
жария айту
керек десе, Ханафи және Мәлики ғұламалары іштей айту
керек дейді. Яғни, әр мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері
бар. Сондықтан біз жоғарыдағы ханафи ғұламаларының
келтірген дәлелдерін
«әминді»
жария айтуға байланысты
басқа мәзһабтардың келтірген дәлелдерін жоққа шығару
34
Ибн Жарир әт-Табари, Тәһзибул-әсар. Бұл риуаятты жеткізген
рауилердің бәрі сенімді, дұрыс. Тек Әбу Сағид әл-Баққал му-
даллис болғанымен сенімді. Ал сенімді мудаллистердің риуая-
ты Ибн Хажар секілді бірқатар хадис ғалымдарының пікірінше
дұрыс деп бағаланады.