49
Дін мен Діл
«Осы мешітте екі жүздей сахабаны көзім көрді.
Имам «әмин» деген кезде олардың «әмин» деген
дауыстарының жаңғырғанын естідім»
деген риуаятқа
келер болсақ, Насруддин Әлбани бұл риуаятқа
«әлсіз»
деп
баға берген
29
.
Пайғамбарымыздың ешбір хадисінде
«әминді жария
айтыңдар»
деген тікелей бұйрығының жоқ екенін ескере
отырып, Ханафи ғұламалары пайғамбарымыздың өзінің
ғана әминді дауыстап айтқанына байланысты кейбір
хадистерді былай түсінген:
1. Пайғамбарымыздың намазда фатихадан кейін
«әмин»
деп айтуын артында яки жанында оған жақын
тұрған сахабалар ғана естіп, сол кісілер
«әминді да-
уыстап айтты»
деген хадисті риуаят еткен болуы
мүмкін. Ал жанындағы адамдардың ғана естуін
«Құран
оқығандай дауыстап айтты»
деп түсінбеуіміз ке-
рек. Себебі, кейде іштей күбірлеп айтылғанды жанын-
да тұрғандар да естуі мүмкін.
«Дуррул-мухтар»
атты
кітапта былай делінген:
«Егер бір адам яки екі адам
естісе, бұл жария айтқанға жатпайды»
30
.
Яғни,
Пайғамбарымыздың
«әмин»
деуін кейбір адамдар
естіген болса, бұл пайғамбарымыздың дауыстап жария
айтқандығын білдірмейді. Пайғамбарымыздың барлық
адамдар еститіндей дауыстап айтты яки жоғарыда Нас-
руддин Әлбани келтіргендей сахабалар бірге дауыстап
«әмин»
деп айтты деген бір де бір сахих хадис жоқ. Ал
Әбу Дәуіттегі Әбу һурайрадан риуаят етілген:
29
Мухаммад Насруддин Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та’лиқ ала
фиқһус-сунна, 177-бет, Мәктабатул-исламия,
«Дарур-райа лин-
нашр»,
2-басылым, 1988 ж.
30
Мухаддис Зафар Ахмад, И’лаус-сунан, 2-том, 247-бет.