Previous Page  46 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 288 Next Page
Page Background

46

Дін мен Діл

«Имам «ғайрилмағдуби ғалайһим уәләддаллин»

деген уақытта сендер де «әмин» деңдер. Себебі,

періштелер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді. Кім

де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне

дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі»

. Хадисті Әбу

Һурайра риуаят еткен. Хадистің дәрежесі сахих.

Ханафи ғалымдары бұл хадистегі

«имам да әмин

дейді»

сөзін негізге алып,

«әминді»

іштей айту сүннет

деген. Себебі,

«әмин»

сөзін егер имам жария айтатын

болғанда Пайғамбарымыздың

«имам да әмин дейді»

деп,

имамның да

«әмин»

дейтіндігін жамағатқа білдіруінің

қажеті болмас еді. Яғни, періштелер мен имамның

әмин деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан

Пайғамбарымыз (с.а.у.)

«себебі, періштелер «әмин»

дейді, имам да «әмин» дейді»

деп олардың да

«әмин»

деп

айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаға мәлім).

2. «

Әмин»

сөзі –

«Дұғамызды, тілегімізді қабыл

ал!»

деген мағынаны білдіретін дұға. Cахих Бухари

кітабында

«әмин»

сөзіне

«дұға»

деп түсінік берілген. Ал

дұғаның іштен айтылуы абзал. Құранда:

«Раббыларыңа

жалбарынып, іштей (құпия) тілеңдер!»

25

делінеді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «

Іштей тілек – жария

жетпіс тілекке тең»

дегенін де ескерер болсақ,

«әмин»

дұғасын іштей айту абзал. Намаздағы

«субхана раббиял-

ағла», «субханараббиял-азим», «субханака», «әт-тәхият»

секілді басқа барлық дұғалардың іштей айтылатындығы

«әминнің»

құпия айтылуына тағы бір дәлел.

3.Әминдұғасы

«әғузу билләһи»

дұғасынанартық емес.

Өйткені

«Нахл»

сүресінде Құран оқыған кезде міндетті

түрде

«әғузуді»

айту керектігі:

«Құран оқыған кезде

25

«Ағраф»

сүресі, 55-аят.