41
Дін мен Діл
мәзһабпен кезінде бірнеше ислами мемлекеттер, оның
ішінде, әсіресе, жеті ғасырға жуық уақыт Осман халифа-
ты басқарылған. Қазіргі таңда да әлем мұсылмандарының
жартысына жуығы осы мәзһабты ұстанады. Сондықтан
Ханафи мәзһабының сүннеттен дәлелі жоқ, болса да әлсіз
деп оған атүсті қарауға, әсте, болмайды. Біз, бұл жерде
басқа сүнни мәзһабтарды қателесіп, адасып жүр деуден
де аулақпыз. Тек айтпағымыз – еліміздегі мұсылмандар
ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын ұстанғандықтан, халық
арасындағы ауызбіршілікті сақтау, әрі енді енді намазда-
рын оқып үйреніп жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу
үшін халқымыздың үйреншікті мәзһабын насихаттауы-
мыз қажет.
Иә, шетелден келген келімсек миссионерлерлер
руханиятқа аш, адал халқымызды алай да арбап, бұлай
да арбап, қаракөз қандастарымыздың иманына қол сұғып
жатқан мына заманда мұндай тар түсінікке жол болсын!
Жаһанданудың жалынымен, жастарымыздың батысқа
ес-түссіз еліктеп жатқан осынау сұрапыл заманда біз
нені күйттеп жүрміз? Отбасы құрып, шаңырақ көтерген
жастарымыздың үштен бірі бір жылға жетпей ажырасып
тынуда. Нәтижесінде, жесір қалған жас келіншектер.
Жетім қалған бесіктегі сәбилер. Еңсесі түскен еркектер.
Арасы бұзылған құдалар. Жылына екі жүз мыңға жуық
сәби ресми түрде қолдан түсік жасаудың құрбаны болып
отыр. Ал оның ресми емес жағы бұл саннан әлдеқайда көп
екені тағы рас. Мұның бәрі халықтың шариғаттан шалыс
кетіп, ғұрпымыздан қалыс кеткендігінің улы «жемісі».
Ал енді қоғамымызда осындай проблемалар тұрғанда,
бұлардың бәрін бір жаққа жинастырып қойып, әлгіндей
ұсақ мәселелерді дау-дамайға айналдырып, қоғамның
шырқын бұзған адамның ақылы мен парасатына күмәнім
бар. Мұның мысалы, Меккеге қажылыққа барған Ханафи