38
Дін мен Діл
керектігін»
ұққандықтан, солай жасады. Намаздарын
жолда оқыған сахабалардың ниеті бұйрыққа қарсы
шығу болмағандықтан, Алла расулы (с.а.у.)
оларды
кінәламады. Ендеше, мәзһаб ғұламаларының да кейде
бір мәселеде түрлі пікірде болуы – Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) хадисінің тікелей мағынасын алуында немесе
сөздің астары мен мақсатына бойлауында жатқанын
түсіну қиын емес. Олай болса, Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ешкімге кінә артпаған мұндай себептерге байла-
нысты шыққан әртүрлі түсінікке ие мәселелерде
«менікі
ғана дұрыс, сен адасып жүрсің»
деп ислам үмбеті ара-
сында бүлік шығару сүннетке қайшы екені даусыз.
Сахабалардың
арасында
Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) миғражға рухымен бе, жоқ әлде, рухымен қоса
тәнімен шыққандығы, ол жерде Алла Тағаланы көріп-
көрмеуіне байланысты әртүрлі көзқарастар бар болатын.
Сахабалардың кейбіреуі намазда
«бисмилланы»
оқыса,
енді біреулері оны оқымайтын. Ал оқитындардың
қайсібірі оны жария айтса, қалғандары іштей оқитын.
Бірақ әртүрлі бұл көзқарастар олардың бірліктері мен
ынтымақтарына зәредей де кері әсерін тигізбейтін.
Кейінгі мәзһаб ғұламалары да бір-бірін қатты сыйлаған.
Мысалы, ханафи ғұламасы әл-Қади Әбу Усам шафиғи
ғалымы Қаффалдың мешітіне барады. Әбу Усамды
көрген Қаффал муәззинге қаматтың Ханафи мәзһабы
бойынша түсірілуін тапсырады да, Әбу Усамға имам
болуды ұсынады. Әбу Усам намаз оқытады. Бірақ өзі
Ханафи мәзһабын ұстанатындығына да қарамастан, на-
мазда
«бисмиллаһты»
Шафиғи мәзһабы бойынша жария
оқиды
21
.
21
Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 45-бет
«Елест»
баспасы, Стамбул, 2004ж. Қосымша қараңыз; Мәурәуи, әл-
қаулус-садид.