34
Дін мен Діл
мазын уақтылы оқи алмайтындай зәру жағдайға тап болса,
онда басқа мәзһабтарды негізге алып екі намазды қосып
оқып жатса, рақымдылық әрі жеңілдік болмақ. Сондай-ақ
оқу орындарында да намаз уақытының сабақ кестесімен
сәйкес келуінің салдарынан кей намаз қаза болып жатады.
Мұндай жағдайда да намазды қаза қылғаннан гөрі бесін
мен екінді немесе ақшам мен құптан намаздарын қосып
оқуға болады. Бірақ зәру жағдай болмаса да жеңілдікті
желеу етіп намаз уақыттарына салғырт қарап екі намазды
қосып оқуға болмайтындығын ескерте кетейік.
Тағы бір мысал бере кетейік. Құранның:
«Ей, иман
келтіргендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және
қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа
мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды екі тобыққа дейін
жуыңдар»
17
– делінген аятында дәреттің парыздары
көрсетілген. Ғұламалар арасында аты аталған ағзаларды
реті бойынша жуудың парыз немесе парыз еместігіне
байланысты екі түрлі пікір бар. Ханафилар парыз емес
дейді. Себебі, аятта қолданылған «және» деген мағынаны
білдіретін «уау» әрпі белгілі бір ретті білдірмейді.
Яғни,
«жүздеріңді және қолдарыңды жуыңдар және
бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды
жуыңдар»
делінген аталмыш аяттағы «және» сөзі белгілі
бір ретті білдірмейді. Мысалы,
«Мұхаммед және Ахмед
келді»
десек, олардың қайсысының бұрын келгендігі
«және» сөзімен білдірілмейді деген уәж айтады. Ал
шафиғиларда ағзалардыжуу ретін сақтау – парыз. Өйткені
Алла Тағала аятта қолдарыңды, жүздеріңді жуыңдар де-
геннен кейін аяқтарыңды жуыңдар деп үш жууды бірге
қосып айтпай, арасына мәсіх тартуды кіргізген. Егер рет-
пен жуу парыз болмағанда, әуелі жүздеріңді, қолдарың-
ды, аяқтарыңды жуыңдар, сосын мәсіх тартыңдар деп
17
«Маида»
сүресі, 6-аят.