29
Дін мен Діл
Жоғарыдағы оқиғадан байқағанымыздай Ханафи
мәзһабында бір мәселеге байланысты сахих хадистер
арасында қайшылық туған жағдайда, қай сахих хадистің
жеткізушілері фиқһта тереңірек болса, солардың риуаяты
негізге алынады.
Төртінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің негізге алынуы
үшін оның күнделікті өмірде жиі қайталанатын әрбір
мұсылманның білуі тиіс мәселелерге байланысты бол-
мауы керек. Мысалы,
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз-
да «Фатиха» сүресін оқыған уақытта «бисмилланы»
да дауыстап оқитын»
деген хадис бойынша Ханафи
мәзһабында амал етілмейді. Себебі, намазда оқылған
қырағат әрбір мұсылманның күнделікті намазда естіп,
білетін мәселесі. Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) шынымен-
ақ
«бисмилланы»
дауыстап оқығанда, онда бұл хадис ахад
жолмен емес, барлық сахабалар еститін болғандықтан,
мутауатир жолымен жететін еді. Мутауатир жолымен
жетпегендігіне қарағанда, бұл хадис негізге алынатындай
сахих емес
15
.
Бұл мысалға намазда
«әминді»
жария айту
мәселесін де кіргізуге болады. Яғни, Пайғамбарымыз
(с.а.у.) бен сахабалары
«әминді»
үнемі жария айтқанда,
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әминді жария айтты»
деген хадисі ахад жолмен емес, мутауатир жолмен жетер
еді.
Жоғарыда келтірілген шарттарда түсіндірілгендей,
Ханафи мәзһабында әрбір сахих хадис дәлелге жатпайды.
Ендеше, ӘбуХанифаның кейбір мәселелерде сахих хадис-
ке қайшы әрекет етуі, сол хадисті білмегендігінен емес,
15
Зәкиюд-Дин Шаъбан, Усулул-фиқһил-ислами (Ислам Һукук
илминин есаслары, 88-89 бет. Түркие дианет вакфы иаиынлары,
2006ж. ауд: Ибраһим Кафи Дөнмез).