26
Дін мен Діл
жалқылауға (тахсис) болмайды»
деген үкім шығарудағы
қатаң ұстанымында жатыр. Яғни, Әбу Ханифа Құран не-
месе мутауатир хадистердің білдірген үкімдерін
«занни»
(өте аз да болса күмәнға ие) дәлелдермен өзгертпеу үшін
ахад хадистерге сахих болса да аса сақтықпен қараған.
Екінші шарт:
Ахад жолмен жеткен сахих хадистің дәлелге сана-
луы үшін оны жеткізген кісі өзі риуаят еткен хадиске
қайшы амал етпеуі қажет. Мысалы, сахих хадисті риуаят
еткен сахаба егер өзі жеткізген хадиске қарама-қайшы
әрекет етер болса, ондай жағдайда Ханафи мәзһабы
бойынша оның жеткізген хадисі емес, амалы негізге
алынады. Себебі, хадисті жеткізушінің өзі жеткізген
хадис бойынша емес, басқаша амал етуі – ол хадистің
үкімінің мәнсұх болғандығынан болуы әбден ықтимал.
Олай болмағанда, жеткізушінің өзі риуаят еткен хадиске
қарама-қайшы әрекет етуі – хадистің сахих болуы үшін
қосылған жеткізушінің бойында болуы тиіс «әділет» шар-
тына қайшы болғандықтан, хадис сахихтығын жоғалтады.
Мысалы, Ханафи мәзһабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
Әбу Һурайрадан риуаят етілген
«Ыдыстарыңызды ит
жаласа, онда оның тазалығы ыдысты жеті рет жуу
әрі біріншісін топырақпен ысқылау арқылы жүзеге
асады»
13
деген хадисі бойынша амал етілмейді. Себебі,
хадисті жеткізген Әбу Һурайраның өзі іс жүзінде ит
жалаған ыдысын үш рет жуғандығы жайлы дәйекті ри-
уаят бар. Ендеше, Әбу Һурайраның өзі риуаят еткен ха-
диске қарама-қайшы әрекет етуі – Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) бұл мәселеге байланысты кейіннен айтқан басқа
бір хадисін білгендігінен туындауы ықтимал. Яғни,
Әбу Һурайра өзі риуаят еткен хадис үкімінің мәнсұх
13
Сахих Муслим, 1-том, 234-бет,
«Дәру Ихиа’ит-турасил-араби»
баспасы, Бәйрут.