22
Дін мен Діл
рып сенімді кісілердің риуаят еткен «мұрсал» дәрежесіндегі
хадистерді де дәлелге қабылдайды.
Екіншіден, хадистердің сахих, әлсіз секілді
дәрежелерінің белгілі болуы үкім шығару үшін жеткіліксіз.
Себебі, хадистердің қайсысының үкімінің жалғасып,
қайсысының мәнсұх болғанын білмек керек. Сондай-
ақ қайсысының қандай жағдайда айтылғанын білу
үшін мыңдаған хадистерді толық оқып, ондағы нәзік
мағыналарды бір-бірімен салыстырып бүтіндей білу қажет.
Ал, мұның бәрін базарда саудада тұрған яки көлік жүргізіп
жүрген қарапайым мұсылмандарды былай қойғанда, ар-
найы бес-алты жыл діни ілім алып шыққан маман да біле
бермейді. Мысалы, хадис кітабынан сахих хадис көрсем
болды, сонымен амал ете беремін дейтіндерге: «Құранда:
«Не айтқандарыңды білмейтіндей мас күйінде намазға
жақындамаңдар...»
8
деген аят бар. Бұл аяттың Алладан
келгендігене күмән жоқ. Ал енді осы аятты көре сала, амал
етесің бе? Яғни,
«Мас болмайтындай деңгейде арақ ішуге
боладыма?»
, – десек, ол дереу:
«Жоқ»
бұл аятпен амал етуге
болмайды. Себебі, бұл аяттың үкімі тоқтап, мәнсұх болған.
Құранның араққа байланысты кейіннен түскен басқа да аят-
тарын саралап барып, үкім шығару керек. Яғни, мәселеге
бүтіндей қарау қажет. Құранның
«Мәида»
сүресінде:
«...
Араққа мүлде жақындамаңдар!»
9
деген кейіннен түскен
аяты бар», – деп жауап береді. Біз оларға «Жауабыңнан
Құранның аяттарын көре сала амал етпейтінің белгілі бол-
ды. Бірақ неліктен сахих хадисті көрсем болды, сонымен
амал етемін деп асығыстық жасайсың. Мыңдаған сахих ха-
дистер бар. Олардың арасында да көптеген мәнсұх болып,
үкімі жойылған хадистер бар емес пе? Бұған қоса бір ғана
сахих хадистің өзін әртүрлі түсінуге болады ғой» деген уәж
айтылса, мардымды жауап таба алмай жерге қарайды.
8
«Ниса»
сүресі, 43-аят.
9
«Маида»
сүресі, 90-аят.