18
Дін мен Діл
мүжтәһид ғалымдардың шығарған үкімдерімен жүруге
қаншалықты зәру әрі мұқтаж екені айтпаса да түсінікті.
Ал өз бетінше әрекет еткен адамның ақиқаттан адасуы
әрі өзгелерді де шатастыруы әбден мүмкін. Бейнебір асау
толқынды теңізге желкені жоқ әлсіз қайықпен шыққан
ақылсыз бейшараға ұқсамақ. Міне, сондықтан, Ханафи
мәзһабы исламнан бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) сүннетінен
өзгеше жол емес, керісінше, Құран аяттары мен хадистер-
де білдірілген ақиқаттарды анықтап, үкімдерді халыққа
түсіндіруші мектептердің бірі болмақ.
«Мәзһаб ұстанбаймын»
деген қатардағы адамның
мысалы мынаған ұқсайды: физика ғылымында
ғалымдардың анықтаған тұрақты формулалары бар.
Қарапайым адамдар сол формулаларды қолдана отырып
есептерін шығарады.
Ал оны қолданбаймын деп бас тартқандар өздері сон-
дай формулаларды ойлап табуы ләзім. Ал ол үшін ондай
адам зеректілік пен ыждаһат бойынша өзінің алдындағы
оқымысты ғалымдардан да асып түсіп, білімі олардан да
терең болуы қажет. Олай болмаса, бұрынғы формулалар-
ды қолданбаймын деуі бекер. Міне, дәл осы тәрізді мәзһаб
ұстанбаймын деген адам да Имам Әбу Ханифа, Имам
Малик, Имам Шафиғи, Имам Ахмад ибн Ханбал секілді
мүжтаһиттік дәрежеге жетпеген жан болса, мәзһабсыз
жүрем деуі бос әурешілік.
Мәзһаб ұстанбаймын деген адам хадистердің
сахихтығы мен әлсіздігін өз біліміне сүйеніп біліп
отырған жоқ. Хадис ғалымдарының хадистерге берген
анықтауына жүгініп отыр. Ал хадистің сахихтығы мен
әлсіздігін анықтау – әр хадис ғалымының хадистерді
қабылдаудағы шарттары мен талаптарына, зеректігі мен
ыждақаттылығына қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан,
кейде біреуінің сахих дегенін екінші бірі қабылдамауы