13
Дін мен Діл
түрін өрбітті. Ғылымилықтан алшақ сыңарезу мұндай
пікірлер қоғамдағы мәселені шешкен жоқ. Керісінше,
ушықтырды. Ел арасында жаңа түсініспеушіліктер
туғызды.
Мұсылман баласы қандай да бір түйткілді мәселені
аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа,
түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық,
бұл – кез келген дерттің емі. Бір жақты ойлау,
астамшылдық жасап артық кету, бұл – шынайы
ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау
үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен
қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының
мәселелерін араластыру мұсылманшылыққа жат. Он-
дай жолдың пайдасынан зияны басым. Ендеше, ең әуелі
тақырыпты жан-жақты зерттеп, зерделеу арқылы халыққа
мәселенің мәнісін ашып көрсетуіміз ләзім. Сонда әлгіндей
бауырларымыз ойланар. Ең болмаса, олардың да өзіндік
шариғи дәлелдері бар екен деп астамшылдықтан қайтар.
Қолыңыздағы кітапта қазіргі қоғамда көп сұралған
өзекті мәселелердің жауабы беріліп отыр. Шынтуайтын-
да, бұл сұрақтардың көбісі исламның негізгі тақырыптары
емес, ұсақ мәселелері. Бірақ кейбір адамдар мұны жөні
жоқ даурықтырғандықтан, бүгінгі таңда жамағат арасын-
да өзекті мәселеге айналып отыр.
Сұрақтарға берген жауаптарымыз исламның белді
ғалымдары мен классикалық қайнар көздерінен таңдалды.
Мақсатымыз – халқымыздың бірлігі мен ынтымағына
ұйытқы болып, сол жолда аз-кем өз үлесімізді қосу.
Қай жолдың дұрыстығын біле алмай, абдырап қалған
халыққа жол көрсетіп, бағыт сілтеу. Сұрақтарға ханафи
мәзһабы мен мәтуруди ақидасы, әһлі сүннет бағыты бо-
йынша жауап берілді. Алайда біз бұл жауаптарымызбен
басқа сүнниттік мәзһабтарды түгелдей жоққа шығарудан