12
Дін мен Діл
Мен бұлардың бәрін әлдебіреулерді жамандау үшін
тізбектеп айтып отырған жоқпын. Айтпағым, жастарымыз
діннің
«мұхталафун фиһ»
мәселелерінде кеңірек ойла-
нуы қажет. Тармақ мәселелердегі белгілі бір көзқарас
үшін ағынға қарсы жүзбей, елдің ынтымағы мен бірлігін
басты назарда ұстап, бүлікке жол бермесе екен деймін.
Халқымыздың ұзақ жылдар бойы аңсап келген Ис-
лам діні енді-енді қарқындап дамып келе жатқанда,
танымымыздың таяздығы мен санамыздың саяздығынан
оған кесір тигізіп алудан абай болған жөн.
Құдайға шүкір, кейбір азаматтар алғашқы келген кез-
де жоғарыда айтылған қателіктерді жіберсе де, кейіннен
уақыт өте келе өз ағаттықтарын түсінді. Елдің жағдайын
көріп, шынайы өмірге араласа бастағаннан соң ойланды.
Ислам дінінде өздері үйренген мектептерден басқа да
дұрыс мектептердің бар екенін, Ислам әлеміндегі өзге
ғұламалардың пікірлері мен көзқарастарымен де санасу
қажеттілігін ұқты. Мұндай азаматтарға Алла разы болсын
дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Сондай-ақ қазіргі үлкен проблемалардың бірі
жоғарыда айтылған ұлттық бояуға, әдет-ғұрыпқа қайшы
келетін көзқарастарға реакция ретінде арнайы исла-
ми білімі жоқ кейбір ұлтжанды азаматтардың ешбір
діни ереже-қағидаға сүйенбестен, нұрлы ақылмен
емес, жалаң сезіммен аттандап қарсы шығулары бол-
ды. Олар
«ғұрыптың да озығы мен тозығы бар»
деген
шындыққа қарамастан дінге анық қайшы келетін кей
әдеттер мен ырымдарды да арашалауға кірісті. Шет ел-
ден оқып келгендердің барлығын жаппай халық жауына
айналдырып, оларға түрлі айдар тақты. Өздері секілді
ойламайтындардың бәрін, тіпті ханафи мәзһабын
ұстайтындарды да адасқандардың қатарына қосып,
бұқаралық ақпарат құралдарында ғайбат пен өсектің түр-