Previous Page  15 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 288 Next Page
Page Background

15

Мәзһаб ұстанбай-ақ қойсақ бола

ма? Оның қандай қажеттілігі бар?

Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны

білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы

Құранменсүннеттеншығарылғанүкімдерменкөзқарастар

жиынтығына «мәзһаб» делінеді.

Мәзһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір кісілер

халық арасында:

«Сен Пайғамбардың (с.а.у.) сүннетімен

жүресің бе, жоқ әлде Ханафи мәзһабын ұстанасың ба?»

дегендей сөздерімен Ханафи мәзһабын ислам дінінен

бөлек етіп көрсетуге тырысуда. Әрине, мұндай сөздердің

астарында мәзһаб ұстанушылардың адасқандығы

меңзелгендіктен, ел арасында діни дүрдараздық пен

бүлікке себеп болуда.

Ханафи мәзһабы Пайғамбар (с.а.у.) жолынан

бөлек, жеке басына дара жол емес. Мұхаммед Ғазали:

«Мәзһабтар – Исламның теңдессіз мәдениеті һәм

тіректері»

десе, Ибн Тәймия:

«Ислам мәзһабтары –

жұмаққа жетелер жолдар»

2

деп, мәзһабтардың ислам-

ды түсіндіруші мектептер екенін білдірген.

Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын

Құран және хадистің әрбір сөзінің тілдік негізгі бірнеше

мағыналарымен қатар ауыспалы мағыналары да бар.

Тіпті, кейде аят пен хадистердің бір әрпінің өзі бірнеше

мағынаны білдіреді.

Мысалы, басқа мәсіх тартуды әмір еткен «Маида»

сүресінің 6-аятында:

«Ей, иман еткендер! Намазға

2

Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 13-бет.

«Елест»

баспасы, Стамбул, 2004 ж.