Previous Page  19 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 288 Next Page
Page Background

19

Дін мен Діл

мүмкін. Әр хадисті өзі жеке зерттеп, оларды риуаят ет-

кен хадис тізбектеріндегі мыңдаған адамның өмірбаянын

жеке-жеке тексеріп, сараламаған қатардағы адам – хадис

ғалымдарының сахих дегеніне – сахих, әлсіз дегеніне

– әлсіз деп хадистерге берген үкімдерін айна-қатесіз

қабылдайды. Бұл дегеніміз

хадис ілімінде белгілі бір

мәзһаб ұстанып отыр деген сөз. Ал енді фиқһта белгілі

бір мәзһаб ұстауға қажеттілік жоқ деген адам хадистің

сахихтығы мен әлсіздігін анықтауда да мәзһаб ұстанбауы

тиіс. Ал ұстанады екен, онда фиқһ мәселелеріндегі мәзһаб

ұстануға да қарсы шықпауы керек.

4

Бірде маған бір студент:

«Мен мәзһаб ұстанбай-

мын»

,– деді. Мен оған:

«Жоқ, ұстанасың»

, – дедім.

Ол маған:

«Қалайша?»

– деді. Мен оның кімнің діни

мектебінен сусындап жүргенін сезгендіктен:

«Сен, На-

сруддин Албанидің мәзһабын ұстанасың ғой»

,– дедім.

Егер менің осы сөзім жаңсақ болса, аты аталған кісінің

жаңылысқан бір жерін айтып берші? – дедім. «

Сен, соның

дұрыс дегенін – дұрыс, бұрыс дегенін – бұрыс деп айна-

қатесіз қабылдайсың. Міне, сен «мәзһаб ұстанбаймын»

дейсің, бірақ іс жүзінде мәзһабтасың»,

– дегенімде ойға

қалды.

Ижтиһад

5

жасауға ғылыми деңгейі жетпейтін бұқара

халық егер де тарихта өзін дәлелдеген һәм ұстанымдарын

Құран мен сүннетке негіздеген Ханафи, Мәлики, Шафиғи,

Ханбали секілді мәзһабтармен жүрмесе, онда жалпы

қоғамда анархия, бейберекеттік белең алады. Әр адам

Құранды өзінше шала түсініп, нәпсілерінің қалауына

қарай жорамалдай бастайды. Үкім шығаруда белгілі бір

4

Зафар Ахмад әл-Ъусманиют-Таһауани, Қауағиду Ъилмил-хадис,

466-457-бет.

«Дарус-Салам»

баспасы, Каир қаласы, 2000 ж.

5

Ижтиһад – ғалымдардың белгілі бір мәселеде құран, хадис, ижмағ,

қиас секілді шариғи қайнаркөздерден діни үкім шығаруы.