Previous Page  25 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 288 Next Page
Page Background

25

Дін мен Діл

өзгерту үшін өте қуатты дәлел керек. Дәлел ретінде

қолданылатын хадистің тек қана сахих болуы жеткіліксіз.

Себебі, ахад жолмен жеткен сахих хадис

«занни»

болғандықтан өте аз болса да шүбә бар. Ал мутауатир-

де тозаңдай күмән жоқ. Сондықтан, мутауатир жолмен

бекітілген жалпы үкімді ахад жолмен жеткен хадистер

арқылы өзгертуге болмайды. Міне, сондықтан Ханафи

мәзһабында сапар кезінде екі намазды қосып оқуға рұқсат

етілмейді. Себебі, сапар кезінде намаздардықосып оқудың

болатындығын білдірген хадис – сахих болғанымен, ахад

жолымен жеткен. Яғни, мутауатир емес. Осыған байланы-

сты ханафи ғұламалары сапар кезінде екі намазды қосып

оқудың болатындығын білдіріп келген сахих хадисті

Құран мен мутауатир хадистердің жалпы үкіміне сай

етіп жорамалдаған. Мысалы, хадистегі бесін мен екінді

намаздарының қосылып оқылуын – бесінді өз уақытының

соңғы сәтінде, ал екінді намазын алғашқы уақытында

оқыды деп жорамал жасаған. Яғни, хадистегі қосып оқу

– сырттай қосып оқуға жатқанымен, шын мәнінде, қосып

оқуға саналмайды деп тұжырым жасаған.

Ханафи мәзһабында қажылық кезінде Арафат-

та бесін мен екінді намаздарын, Муздалифада ақшам

мен құптан намаздарын қосып оқу сүннет. Өйткені

пайғамбарымыздың (с.а.у.) Арафатта және Муздалифа-

да аталмыш намаздарды қосып оқығандығын білдіретін

хадистер мутауатирге жақын жолмен жеткен.

Міне, сондықтан,

«Ханафи мәзһабында неліктен

екі намазды қосып оқуға болмайды? Сахих хадис тұр

ғой. Демек, Әбу Ханифа бұл сахих хадисті білмеген»

,–

деп асығыс үкім беру қате. Себебі, Әбу Ханифаның

мұндай үкімге баруы – сахих хадисті білмегендігінен

емес, керісінше,

«Құран немесе мутауатир хадистер-

мен дәлелденген жалпы үкімдерді ахад хадистермен