Previous Page  21 / 288 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 288 Next Page
Page Background

21

Сахих

хадистер

тұрғанда

мәзһабтарға қандай қажеттілік бар?

«Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай

хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай

болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ»

дейтін түсінік

мүлде дұрыс емес. Олай дейтініміз:

Біріншіден, фиқһта тек қана сахих хадистермен емес,

кейде әлсіз хадиспен де амал етіледі. Мысалы,

«әлсіз»

делінген хадис басқа жолдармен риуаят етілсе,

«Хасан

ли ғайриһи»

, яғни басқа жолмен

«жақсы»

дәрежесіне

көтеріледі. Ал мұндай хадиспен амал етуге әбден болады.

Мысалы, Омар ибн Хаттабтан риуаят етілген хадисте былай

делінеді:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолдарын дұға ету үшін

көтерер болса, оны жүзіне сипамастан түсірмейтін

еді»

6

Сондай-ақ, Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла тағаладан тілеген кезде

алақандарыңның сыртымен емес, ішімен тілеңдер және

алақандарыңды жүздеріңе сипаңдар»

7

, – делінген.

Жоғарыдағы келтірген хадистердің барлығының

дәрежесі әр хадисті жеке алғанда

«әлсіз»

. Бірақ әлсіз

хадис басқа да риуаяттармен келер болса, бірін-бірі

қуаттағандықтан, хадистердің жалпы топтамасы «хасан»

дәрежесіне жетеді. Ал

«хасан»

дәрежесіндегі хадиспен амал

етуге әбден болады. Бұған қоса, Әбу Ханифа және басқа да

көптеген фиқһ ғалымдары белгілі шарттарды негізге ала оты-

6

әт-Тирмизи, 3308. Қосымша қараңыз: әл-Мустадрак алас-

сахихайн лил-Хаким, 1923. Муснад Абд ибн Хамид, 40. әл-

Муғжамул-әусат лит-Табарани, 7252.

7

Әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1924. Және қосымша

қараңыз: Әбу Дәәуід, Бабуд-Дуға. Муснад Абд ибн Хамид, 717.