17
Дін мен Діл
Жоғарыдағы
«Би»
әрпінен байқағанымыздай,
Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті, бір әрпі көптеген
үкімдерге негіз бола алады. Сондықтан, араб тілін
жетік меңгермеген адамның бұл мәзһабтардың ешбірін
ұстанбай-ақ өздігімен ижтиһад жасаймын деуі үлкен
қателік.
Аяттардың түсу себептері, кейбір себептерге байла-
нысты хадистердің, бір қарағанда, бір-біріне қарама-
қайшы сияқты көрінетін жерлері де кездеседі. Және
хадистердің
«сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан
лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған», «му-
тауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб»
сияқты қуаттылық
жағынан үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар.
Бұларды кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап,
ара-жігін ажыратып, шариғи үкім шығара алмайды. Алла
тағаланыңөзібарлықмұсылмандардымұндайауыржүкпен
міндеттемейді. Керісінше, Құранда:
«Білмесеңдер,
білім иелерінен сұраңдар»
3
,– деп, білім иелеріне
жүгінуді жүктеген. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.)
бақилық болғаннан кейін сахабалар мен табиғиндардың
Хижаз аймағындағылары Абдуллаһ ибн Омардан, ал
Куфадағылары Абдуллаһ ибн Мәсғуд сынды ғалым саха-
балардан пәтуа сұрап, солардың айтқан үкімдерін негізге
алып амал еткен болатын.
Ендеше, ана тілдері арабша әрі Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбарды көздері көрген сахабалардың және са-
хабаларды көзі көрген табиғиндердің өздері діни
мәселелерде араларындағы білімділерге жүгінген болса,
кейінгі ғасырлардағы адамдардың Әбу Ханифа секілді
Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық-қисын, фиқһ
негіздерін, сахаба пәтуалары мен басқа да ғұламалардың
көзқарастарын, т.б. ислами ілімдерді жетік біліп, әрбір
аятты зерделеп, мыңдаған хадисті мұқият зерттеген
3
«Нахл»
сүресі, 43-аят.