16
Дін мен Діл
тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа
дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды
екі тобыққа дейін жуыңдар»,
– делінген. Бұл аятта
басқа мәсіх тартудың көлемі нақты белгіленбегендіктен,
шафиғиларда бастың кішкентай бөлігіне мәсіх ету,
тіпті, су себу жеткілікті. Ал ханафиларда, кем деген-
де, бастың төрттен біріне мәсіх ету парыз болса, мали-
ки және ханбалиларда басты түгел мәсіх ету парыз. Әр
мәзһаб өзінің ұстанған көзқарасын қолдап, шариғи дәлел
келтіргендіктен, бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген
пәтуаларын аятта қолданылған
«бастарыңды»
деген
мағынаны білдіретін
«руусикум»
сөзінің алдына қосылып
жазылған «
»ب
яғни, «би» әрпінен шығаруда. Араб тілінде
«би» әрпі әр түрлі мағынада келеді, айталық:
1.
«әз-Заайда»
– өзіндік ешқандай мағынасы жоқ, тек
өзінен кейінгі сөзді көркемдеу үшін келеді.
2.
«Лит-табъид»
–
«кейбір»
деген мағынаны
білдіреді.
3.
«Лил-илтисақ»
–
«тигізу, жанастыру, бітістіру»
деген мағыналарды білдіреді.
Имам Ахмед пен Имам Малик:
«Бұл жердегі «би»
әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген (заайда) яғни
жеке тұрғанда мағынасыжоқ артық әріп болғандықтан,
бастың барлық жерін мәсіх ету керек»
дейді.
Ал имам Шафиғи, бұл жердегі «би» әрпі
«кейбір»
деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, қолдың бастың
кейбір жеріне, тіпті бірнеше тал шашқа тиюі мәсіх ету бо-
лып саналады деп пәтуа берген.
Ал Әбу Ханифа болса, бұл жерде «би» әрпі
«тигізу,
жабыстыру, жанастыру»
мағынасында келгендіктен,
мәсіх тартудың құралы саналатын алақанның басқа тиюі
мәсіх ету болып саналады деп пәтуа берген. Алақанның
аясы бастың төрттен бірі болғандықтан, бастың осы
мөлшерін мәсіх етуді парыз санаған.